Accessibility links

Назарбаев Си Цзиньпинді құттықтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Қытай президенті Си Цзиньпин.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Қытай президенті Си Цзиньпин.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай президенті Си Цзиньпинге Пекиннің 2022 жылғы 26-қысқы олимпиаданы өткізу құқығын жеңіп алғанымен құттықтады.

Ақорданың хабарлауынша, Назарбаев Си Цзиньпинге жолдаған құттықтауында "Қытайдың олимпиада ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастыруға барлық күшін салатынына" сенім білдіріп, олимпиада ойындарын өткізуде сәттілік тілеген.

31 шілдеде Халықаралық олимпиада комитеті Пекинге 2022 жылғы 26-қысқы олимпиада ойындарын өткізу құқығын берген. Пекинмен бірге Алматы да олимпиаданы өткізуге өтініш беріп, бәселекес болған.

XS
SM
MD
LG