Accessibility links

ИМ-нің Сириядағы нысандарына соққы берілді


Соғыстан қираған Дамаск маңы, Сирия. (Көрнекі сурет).

Соғыстан қираған Дамаск маңы, Сирия. (Көрнекі сурет).

Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымы АҚШ бастаған коалиция әуе күштері 31 шілдеде Сирияның Альбу Камал қаласында "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы пайдаланып келген маңызды екі көпірді қиратқанын хабарлады.

"Альбу Камал мен Ирак арасын жалғайтын бұл көпірлер ИМ үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды" дейді ұйым директоры Рами Абдель Рахман.

Пентагон өкілі Сирияда әуеден соққы берілгенін растап, әуе шабуылының ИМ-нің Ирактың Анбар провинциясына соққы беру мүмкіндіктеріне "кәдімгідей әсер ететінін" айтты.

ИМ содырлары Альбу Камал мен оған жақын шекара маңын 2014 жылы шілдеде басып алған. Бұл қала содырлардың Сирияның шығысындағы Дэйр эз-Зор провинциясын Анбар провинциясындағы аймақтармен жалғайды.

Коалиция 31 шілдеде Дэйр эз-Зор маңына 17 әуе шабуылын жасап, ИМ плацдармдарын, жаттығу лагерлерін, көпірлер мен бақылау бекеттерін қиратқан.

XS
SM
MD
LG