Accessibility links

«Хаккани» тобын құрған адамның өлгені хабарланды


Жалалуддин Хакканидің (оң жақта) «Талибан» билігі кезінде Пәкістанға сапарында түскен суреті. 19 қазан 2001 жыл.

Жалалуддин Хакканидің (оң жақта) «Талибан» билігі кезінде Пәкістанға сапарында түскен суреті. 19 қазан 2001 жыл.

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасының екі жағында әрекет ететін «Хаккани» экстремистік тобының негізін қалаған Жалалуддин Хакканидің бір жылдай уақыт бұрын қайтыс болғаны туралы хабар тарады. Бұл туралы «Талибан» қозғалысындағы аты-жөнін атамаған ақпарат көздеріне сілтеме жасап, пәкістандық баспасөз құралдары жұма күні хабарлады.

Ол ақпарат бойынша, өз ажалынан өлген Жалалуддин Хаккани Ауғанстанның Хост провинциясында жерленген.

«Хаккани» тобын қазір оның ұлы Сиражуддин басқарады. АҚШ билігі оны ұстау үшін 10 миллион доллар сыйлық тағайындаған.

«Талибан» қозғалысымен байланысы бар «Хаккани» тобы 1980-жылдары, Ауғанстан жеріне басып кірген совет әскерімен күресу үшін құрылған.

XS
SM
MD
LG