Accessibility links

«ФИФА ісі»: Бурсако тағылған айыпты мойындамады


ФИФА-дағы корурпция ісі бойынша айыпталған алты адам туралы Интерпол хабарламасы. (Көрнекі сурет)

ФИФА-дағы корурпция ісі бойынша айыпталған алты адам туралы Интерпол хабарламасы. (Көрнекі сурет)

Халықаралық футбол федерациясындағы (ФИФА) коррупциялық іс бойынша айыпталған аргентиналық бизнесмен Алехандро Бурсако Нью-Йорк (АҚШ) федералдық сотында өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеген.

Torneos спорттық маркетингтік компаниясының бұрынғы басшысы Бурсакоға ұлттық футбол ассоциацияларына тиімді келісімшарттар үшін пара алған деген айып тағылған.

Аргентина мен Италия азаматы Алехандро Бурсако маусымның басында өз еркімен полицияға берілген соң Италиядан АҚШ-қа экстрадицияланған. Аргентина билік орындары оған «қаржы қылмыстарын жасаған» деген айып тағып отыр.

27 мамырда Цюрихте коррупция қылмысына қатысы бар деген күдікпен ФИФА-ның жеті шенеунігі ұсталған. АҚШ федералдық тергеу бюросы бұл іс бойынша халықаралық тергеу ісін бастаған. Тұтқындалғандардың көпшілігіне футболдан әлем чемпионатын өткізетін елді іріктеген кезде аса ірі көлемде пара алған деген айыптар тағылған.

Биыл ФИФА басшысы болып тағы бес жылға қайта сайланған Йозеф Блаттер маусым айының басында отставкаға кететіні туралы мәлімдеген. Ұйымның жаңа басшысы 2016 жылы ақпанның 26-сы күні өтетін ФИФА конгресінде сайланбақ.

XS
SM
MD
LG