Accessibility links

Тәжік әншісі Рахима Шалоэр түрмеден босатылды


Тәжікстандық әнші Рахима Шалоэр.

Тәжікстандық әнші Рахима Шалоэр.

Душанбе соты алаяқтық жасаған деген айыппен сегіз жылға сотталған тәжікстандық танымал әнші Рахима Шалоэрді түрмеден босату туралы шешім шығарған. Рахима Шалоэрдің адвокаты Абдулбузург Асозода бүгін Азаттықтың Тәжік қызметіне сот шешімі шілденің 31-і күні түстен кейін, әншінің туыстары Душанбе тұрғынына алынған ақшаны қайтарып берген соң шыққанын хабарлаған.

«Рахима Шалоэрдің туыстары алынған ақшаны толығымен өтеген, сондықтан Фирдауси ауданының соты оны қамаудан босатты» деді адвокат.

Рахима Шалоэр Душанбе тұрғынының арызы негізінде сотталған. Арыз иесі өзінен 17 мың АҚШ долларына жуық ақша алған әнші оны уақытында қайтармады деп сотқа жүгінген.

Рахима Шалоэр – совет заманында Тәжікстанда кеңінен танымал болған «Гүлшан» ансамблінің әншісі.

XS
SM
MD
LG