Accessibility links

Тамыздың 2-сі күні Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 559 километр қашықтықта 4,8 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.

Орталық мәліметі бойынша, жер асты дүмпулері бүгін Астана уақытымен 6 сағат 03 минутте тіркелген. Зілзала ошағы көршілес Қытай аумағында, 5 километрге дейінгі тереңдікте болған.

Алматы облысы аумағында жер сілкінісінің дүмпуі сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ.

XS
SM
MD
LG