Accessibility links

Австралия Донбаста құлаған ұшаққа қатысты сот өтуін талап етеді


Австралия сыртқы істер министрі Джули Бишоп.

Австралия сыртқы істер министрі Джули Бишоп.

Австралия үкіметі Украинаның шығысында былтыр жазда құлаған Malaysia Airlines әуе компаниясының «Боинг-777» жолаушылар ұшағы апатына кінәлі адамдардың жауапқа тартылуын талап етеді. Австралия сыртқы істер министрі Джули Бишоп өз елі опат болған ұшақ экипажы мен жолаушылардың туған-туыстарының сауалдарына жауап табу үшін «табандылық танытатыны» туралы мәлімдеген.

2014 жылы шілденің 17-і күні Амстердамнан Куала-Лумпурге МН17 жолаушылар рейсімен ұшып бара жатқанда жерге құлаған ұшақта қаза тапқан 298 адамның 38-і – Австралия азаматтары. Ұшақта болғандардың басым көпшілігі – Нидерланд азаматтары.

Шығыс Украинада құлаған малайзиялық ұшақ апатын тексеретін халықаралық трибунал құруды көздейтін БҰҰ-ның қарарының жобасына сәрсенбіде дауыс берген кезде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 11-і мүшесі қолдау білдіріп, Ресей вето қойған еді.

Австралия билігі Мәскеудің БҰҰ қарары жобасын қолдаудан бас тартуы 298 адамның қазасына апарып соққан қылмысқа Ресейдің қатысы бар ма деген сауалдар тудырады деп санайды.

Австралия сыртқы істер министрі Джули Бишоптың айтуынша, БҰҰ қарары жобасын әзірлеген бес мемлекет – Нидерланд, Малайзия, Бельгия, Австралия және Украина – жолаушылар ұшағын әуеден атып түсіргендерді жауапқа тартудың балама тетіктерін табуды мақсат етіп отыр.

Шығыс Украинадағы ресейшіл қарулы сепаратистер ұшақтың құлауына өздерінің қатысы жоғын айтады.

XS
SM
MD
LG