Accessibility links

Керри мен Лавров Катарда кездеседі


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Вена, 24 қараша 2014 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Вена, 24 қараша 2014 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 2-3 тамызда Катар мемлекетіне сапары кезінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри және Сауд Арабиясы сырты істер министрі Адел әл-Жубейрмен кездеспек.

Ресей сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, келіссөздер тақырыбы Сирия, Йемен және Ливияда бейбітшілікке қол жеткізу, сонымен бірге, «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы болмақ.

Бұған дейін, шілденің 24-і күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри жақын арада Катарда Ресей сыртқы істер министрімен кездесетінін айтқанымен, кездесу нақты қай күнге белгіленгені айтылған жоқ еді.

Керри «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы күресте Ресеймен ынтымақтастық Вашингтон мен Мәскеу арасындағы байланыстардың басымды бағыттарының бірі екенін қуаттаған.

XS
SM
MD
LG