Accessibility links

Мұхиттан табылған ұшақ сынығы Тулузаға жеткізілді


Үнді мұхиты жағалауынан табылған ұшақ сынығын көтеріп бара жатқан адамдар. 29 шілде 2015 жыл.

Үнді мұхиты жағалауынан табылған ұшақ сынығын көтеріп бара жатқан адамдар. 29 шілде 2015 жыл.

Үнді мұхиты жағалауынан табылған ұшақ сынығы полиция эскортымен тамыздың 1-і күні Франциядағы Тулуза қаласындағы әскери зертханаға жеткізілген.

Осы жерде ұшақ сынығына мамандар жүргізетін сараптама ол 2014 наурызда Куала-Лумпурдан Пекинге ұшып шығып, із-түссіз жоғалып кеткен Malaysia Airlines әуе компаниясының «Боинг» жолаушылар ұшағының бөлшегі ме, жоқ па деген сауалға анық жауап алуға көмектеспек.

Былтыр наурызда жоғалған ол ұшақта 239 адам болған, олардың барлығы қаза тапқан деп саналады.

Ұзындығы екі жарым метрге жуық ұшақ қанатының сынығы бұдан бірнеше күн бұрын Мадагаскардан шығыс жаққа қарай орналасқан, Үнді мұхитындағы Францияның иелігіндегі Реюньон аралы жағалауынан табылған.

XS
SM
MD
LG