Accessibility links

Спорттағы допинг жайлы мәліметтер тексеріледі


Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік жетекшісі Крейг Риди. Париж, 16 қараша 2014 жыл.
Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік жетекшісі Крейг Риди. Париж, 16 қараша 2014 жыл.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік 2001 – 2 012 жылдар аралығында спортшылардың қайрат-төзімділігі сынға түсетін жарыстарда, Олимпиадалық ойындар мен әлем біріншіліктерінде жүлде алғандардың үштен бірінің қан құрамы допингке тексеру барысында күмәнді болып шыққаны туралы ақпаратқа байланысты алаңдаушылық білдірді.

Әлгіндей ақпаратты жариялаған британдық Sunday Times басылымы мен немістің ARD телеарнасы мәліметтерді бес мың спортшыдан алынған 12 мың қан талдауының нәтижелері жинақталған жеңіл атлетикалар федерациялары халықаралық қауымдастығының деректер қорына сүйеніп бергенін айтады. Осындай күдікке ілінген 146 жүлденің 55-і – алтын медаль.

Зерттеу авторларының мәлімдеуінше, Ресей иеленген жүлделердің 80 пайыздан астамын допинг тексерісі кезінде күдікке ілінген спортшылар ұтып алған.

Сонымен бірге, қан құрамына жасалған талдау күдік келтіргенімен, спортшылардың ешқайсысын наградасынан айырмағаны айтылады.

Бүгін допингке қарсы агенттік жетекшісі Крейг Риди бұл мәліметтерді тәуелсіз комиссия тексереді деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG