Accessibility links

Павлодарда топырақ басып қалған адам мерт болған


Павлодар облысының аумақтық картасы.

Павлодар облысының аумақтық картасы.

Павлодарда бүгін жеке меншік тұрғын үй ауласында жер қазып жатқанда топырақ басып қалған ер адам қайтыс болған деп хабарлайды жергілікті баспасөз құралдары.

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға болған сәтте шұңқыр ішінде болған екі адамды топырақ басып қалған.

Оқиға болған жерге жеткен жедел-құтқару тобы топырақ астында қалған екі адамды алып шыққан. Олардың бірі сол жерде қайтыс болған, жарақат алған екінші адамды жедел дәрігерлік жәрдем бригадасы ауруханаға жеткізген.

Оқиға Павлодардағы Лесозавод шағын ауданындағы үйлердің бірінде болған.

XS
SM
MD
LG