Accessibility links

БҰҰ: Мьянмада тасқын құрбандары саны көбеюі мүмкін


Тасқын су алған аймақтағы тұрғын әйел. Мьянма, 23 шілде 2015 жыл.
Тасқын су алған аймақтағы тұрғын әйел. Мьянма, 23 шілде 2015 жыл.

Мьянмада (Бирма) су тасқыны құрбандарының саны ұлғаюы ықтимал деп хабарлайды БҰҰ.

Бұл елдің батысындағы 150 мыңға жуық адам тұратын төрт аймақ апат жағдайында деп жарияланған. ВВС-дің хабарлауынша, тропикалық нөсер салдарынан пайда болған қатты тасқыннан кемінде 27 адам қаза тапқан.

Апаттан зардап шеккен аймақтардың көбіне құтқарушылар әлі жетіп үлгерген жоқ.

Көршілес Үндістанның Манипур штатында ауылды көшкін басып қалып, кемінде 21 адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG