Accessibility links

Реюньон аралынан тағы ұшақ сынығы табылды


Реюньон аралының жағалауынан ұшақ сынықтарын іздеп жүрген еріктілер.
Реюньон аралының жағалауынан ұшақ сынықтарын іздеп жүрген еріктілер.

Үнді мұхитындағы Францияға қарасты Реюньон аралы жағалауынан тағы бір ұшақ сынығы табылды. Мамандар сынық ұшақ есігіне ұқсайтынын, оның жазуы мен суреті бар екенін мәлімдеді.

Ұзындығы екі жарым метрге жуық ұшақ қанаты сынығы бұдан бірнеше күн бұрын Мадагаскардың шығысында орналасқан Франция иелігіндегі Реюньон аралынан табылған.

Бұл ұшақ бөлшегі полиция эскортымен тамыздың 1-і күні Францияның Тулуза қаласындағы әскери зертханаға жеткізілген.

Мамандар жүргізетін сараптама сынықтың 2014 наурызда Куала-Лумпурдан Пекинге ұшып шығып, із-түссіз жоғалып кеткен Malaysia Airlines әуе компаниясының «Боинг» жолаушылар ұшағына тиісті не тиісті емес екенін анықтайды.

Мамандардың болжауынша, бұл сынықтар 2009 жылы 1 маусымда Рио-де-Жанейродан Парижге ұшып шығып, Үнді мұхитына құлаған Air France компаниясының Airbus A330-203 ұшағына (228 жолаушысы болған) да тиесілі болу мүмкін.

XS
SM
MD
LG