Accessibility links

Молла Омар отбасы "Талибанның" жаңа басшысын жаратпады


 “Талибан” қозғалысыныңжаңа жетекшісі Мулла Ахтар Мансур.

“Талибан” қозғалысыныңжаңа жетекшісі Мулла Ахтар Мансур.

“Талибан” қозғалысының қаза тапқан жетекшісі Молла Омардың отбасы жаңа басшы болып тағайындалған Молла Ахтар Мансур билігін мойындамайтынын мәлімдеді.

Олар 2 тамыз күні жариялаған аудио жазбада “Талибанның” Молла Ахтар Мансурды “Молла Омардың ізбасары” деп жариялауын қозғалыс заңына сай келмейтінін айтқан. Ақпарат агенттіктерінің жазуынша, "аудио жазбадағы дауыс Молла Омардың ағасы Абдул Мананға тиесілі".

Молла Омардың ұлы Якуб ақпарат агенттіктеріне берген сұхбатында “Молла Ахтар Мансурды қолдаушылары, яғни шағын ғана топ сайлады” деп мәлімдеген. Associated Press агенттігінің жазуынша, "Талибан" қозғалысының кейбір өкілдері Якубты әкесінің орнына басуға шақырып отыр".

«Талибан» қозғалысының негізін қалаушылардың бірі әрі оның жетекшісі болған Молла Омар 2001 жылы АҚШ бастаған халықаралық күштер Ауғанстанға басып кіріп, «Талибан» қозғалысын биліктен кетіргеннен бері көпшілік алдына шықпаған. Биыл көктемде «Талибан» қозғалысы осы ұйымға басшылыққа келгеніне 19 жыл толу құрметіне Молла Омардың өміріне қатысты көлемі бес мың сөзден асатын ақпаратты интернетте жария етті.

Ұзақ жылдардан бері жұрт көзіне түспеген Молла Омардың өлгені туралы ара-тұра хабарлар тарағанымен, «Талибан» ондай сөзді "қауесет" деп, жоққа шығарып келген. Жақында қозғалыс оның өлімін растады.

XS
SM
MD
LG