Accessibility links

Жүзуден әлем чемпионаты: Баландин - финалда


Дмитрий Баландин. (Көрнекі сурет)
Дмитрий Баландин. (Көрнекі сурет)

Татарстан астанасы Қазан қаласында (Ресей, Татарстан) өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандық Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде финалға шықты. Ол жартылай финалда 59,39 секунд уақытпен төртінші нәтиже көрсетті.

Жартылай финалда үздік сегіздікке енген спортшылар финалға өтеді. Финал бүгін, 3 тамызға жоспарлаған.

Дмитрий Баландин 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында 50,100,200 метрге брасс әдісімен жүзуден алтын медаль ұтып алған.

Биыл Кванджуда (Оңтүстік Корея) өткен жазғы универсиада жарысында 100 метрге жүзуден чемпион атанды.

Қазандағы әлем чемпионатында ол 50 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуден де жүлделі орындарға таласады.

XS
SM
MD
LG