Accessibility links

Қырым татарлары конгресі Украинамен бірігуді жақтады


Анкарада өткен Қырым татарлары конгресі. Түркия, 1 тамыз 2015 жыл.

Анкарада өткен Қырым татарлары конгресі. Түркия, 1 тамыз 2015 жыл.

Қырым татарларының бүкіләлемдік конгресі "Қырым түбегін Украинаға қайтару үшін барлық шараларды жасауға" шақырды. Украинаның Қырым түбегін былтыр көктемде Ресей аннексия жасап, өз аумағына қосып алған еді.

Анкарада (Түркия) өткен екі күндік форумға қатысқан делегаттар "аннексияны тоқтатуды", ал "Украинаның жаңа конституциясында Қырым татарларына автономия берілуін" талап етті.

Конгреске бірнеше елден барған 200-ге жуық Қырым татарлары қатысты. Олар "жиынды Ресей құқық қорғау органдары жасап отырған қысым кесірінен елден тыс аумақта өткізуге мәжбүр болғандарын" мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG