Accessibility links

Рубль бағамы одан ары түсе бастады


Валюта айырбастау пункті жанында тұрған адам. Мәскеу, 28 шілде 2015 жыл.

Валюта айырбастау пункті жанында тұрған адам. Мәскеу, 28 шілде 2015 жыл.

Ресей рублінің АҚШ доллары мен еуроға шаққандағы бағамы тағы да арзандай бастады. Бүгін Мәскеу қор биржасында таңертеңгілік саудада бір доллар 62 рубль 35 тиын, бір еуро 68 рубль 51 тиын болды.

Рубль бағамы ең соңғы рет наурыздың 16-сы күні құлдыраған. Ол кезде бір доллар 62 рубльге жеткен. Одан кейін еуро мен доллар қымбаттамаған.

Биржа сарапшылары рубль бағамының арзандауын әлемде мұнай бағасының арзандауымен байланыстырады.

XS
SM
MD
LG