Accessibility links

Кабардин-Балқар: Алты бүлікшінің көзі жойылды


Арнайы қызмет өкілдері, Кабардино-Балқар. (Көрнекі сурет).

Арнайы қызмет өкілдері, Кабардино-Балқар. (Көрнекі сурет).

Ресей билігі арнайы қызмет күштері Солтүстік Кавказдағы Кабардин-Балқар республикасында күдікті алты бүлікшінің көзін жойғанын хабарлады.

Ұлттық антитеррорлық комитеттің 3 тамызда хабарлауынша, республика орталығы Нальчик қаласында пәтерге бекінген бүлікшілерге қарсы операция түнде болған.

Осыдан екі апта бұрын да Нальчикте болған антитеррорлық операциядан алты бүлікші қаза тапқан.

Ресейдің мұсылмандар басым Солтүстік Кавказ аймағында Совет одағы құлағаннан кейін Шешенстанда болған екі соғыстан соң пайда болған исламшыл бүлікшілер қауіпсіздік күштерімен жиі қақтығысып қалады.

XS
SM
MD
LG