Accessibility links

Донбаста 4 украин сарбазы оққа ұшты


Донецк әуежайы маңында жүрген украиналық әскерилер. Украина, 27 шілде 2015 жыл.

Донецк әуежайы маңында жүрген украиналық әскерилер. Украина, 27 шілде 2015 жыл.

Украина әскерилері елдің шығысында өткен тәулікте ресейшіл сепаратистермен ұрыста төрт үкімет сарбазы қаза тапқанын хабарлады.

Украин әскерилерінің өкілі Андрей Лысенко бүгін бір Донецк мен Луганск облыстарында тәулікте 15 сарбаз жараланған.

Бұл уақытта Украина мен сепаратистер өкілдері Минскіде Ресей және Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы өкілдерінің араласуымен ақпан айында жасалған қақтығысты тоқтату туралы келісім талаптарын орындауға қатысты жаңа келісім бастаған.

2014 жылдың сәуірінде басталған қақтығыстан 6 мың 500-ден астам адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG