Accessibility links

Азаров Мәскеуде "Украинаны қорғау комитетін" құрды


Украина экс-премьері Николай Азаров Мәскеуде баспасөз жиынында сөйлеп тұр. 3 тамыз 2015 жыл.

Украина экс-премьері Николай Азаров Мәскеуде баспасөз жиынында сөйлеп тұр. 3 тамыз 2015 жыл.

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Николай Азаров Мәскеуде "Украинаны құтқару комитетін" құрғанын мәлімдеді.

Тамыздың 3-і күні Мәскеуде баспасөз жиынын өткізген Азаров жаңа құрылған комитеттің мақсатын "Украинадағы тәртіпті қалпына келтіру" деп атады. Ол жаңа құрылған комитеттің барлық мүшелерінің аты-жөнін атай алмайтынын, себебі олардың біразы Украинада болғандықтан "оларға қауіпті екенін" айтты.

Бұрынғы премьер Украинада өткен жылы президент Виктор Януковичті биліктен кетірген еуропашыл толқуларды "төңкеріс" деп атады.

Янукович және өзге де жоғары шенді шенеуніктермен бірге Ресейге кеткен Азаровтың айтуынша, "Украинада қазіргі саяси билікті өзгертпейінше тәртіп орнату мүмкін емес".

67 жастағы Азаров Янукович тұсында 2010-2014 жылдары Украина премьер-министрі болған. Азаров пен Януковичке Украина билігі қаржы жымқырды және қызметін теріс пайдаланды деп айыптап, іздеу жариялаған. Интерпол оны тұтқындауға ордер берген.

"Мен Украинаға оралатынымызға сенемін. Біз Украинаның дамуын қалпына келтіру жауапкершілігін мойынға алуға даярмыз" деді.

Азаров "Украинаны қорғау комитеті" құрылғанын жариялаған соң Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей үкіметінің "Азаровтың бастамасына қатысы жоғын" мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG