Accessibility links

Венгрия Сербиямен шекараға қоршау тұрғыза бастады


Сербиямен шекараға қоршау тұрғызып жатқан Венгрия сарбаздары. 3 тамыз 2015 жыл.

Сербиямен шекараға қоршау тұрғызып жатқан Венгрия сарбаздары. 3 тамыз 2015 жыл.

Венгрия Сербиямен шекарада Еуропа одағына кіруге ұмтылатын мигранттар ағынына тосқауыл қою үшін қоршау тұрғыза бастады.

Елдің оңтүстігіндегі Асотталом елді мекеніндевенгриялық сарбаздар 3 тамызда биіктігі 4 метрге жететін металл қоршаудың қазықтарын қаға бастады. Венгрия билігі қоршау құрылысын тамыздың 3-іне дейін аяқтамақ ойы бар.

Ресми дерек бойынша, 2015 жылы осы кезге дейін Балқан түбегі арқылы Венгрияға 100 мыңнан астам мигрант келген.

Соңғы келіп жатқан мигранттардың 80 пайызға жуығы Сирия, Ирак және Ауғанстан сияқты соғыс жүріп жатқан аймақтардан бас сауғалаған босқындар.

Мигранттардың түгелге жуығы бұл елден пана сұрағанымен, одан ары Еуропа Одағының Германия, Швеция, я Ұлыбритания сияқты елдеріне өтуге тырысады.

XS
SM
MD
LG