Accessibility links

Кабул: "Талибанмен" қазір келіссөз болмайды


Ауғанстан президенті Ашраф Ғани.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани.

Ауғанстан үкіметі басшылыққа қатысты талас туындап жатқан "Талибан" қозғалысымен қазір келіссөз жүргізбейтінін мәлімдеді.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани баспасөз қызметі "Талибанды" меңзеп, Кабулдың ауған үкіметіне қарсы кез-келген "балама саяси құрылымды" қабылдай алмайтынын мәлімдеді.

Кабул мен "Талибан" арасында басталып келе жатқан келіссөз өткізу процесі өткен аптада ауған үкіметі қозғалыс басшысы Мулла Омар 2013 жылы сәуірде қаза тапқан деген ақпарат таратқан соң үзілген. "Талибан" Мулла Омардың өлгенін растап, оның орнына Мулла Ахтар Мансурдың сайланғанын хабарлаған.

Мулла Омардың туыстары Мулла Мансурдың жетекшілігіне қарсылық танытып, қозғалыс жетекшісіне сайлау өткізудіә және оған дала командирлерін де қатыстыруды талап еткен.

"Талибан" соңғы күндері бірнеше мәлімдеме жасап, қозғалыс жетекшілігіне талас жоғын білдіруге тырысып келеді. 3 тамызда таратқан мәлімдемесінде "Талибан" Мулла Омардың қазасына көңіл айтып, Мулла Мансурдың жетекші болғанына құттықтау білдірген.

XS
SM
MD
LG