Accessibility links

ІІД: Алматыда жалған ақпарат таратқан адам ұсталды


Алматыдағы селден кейінгі тазалау жұмыстары.

Алматыдағы селден кейінгі тазалау жұмыстары.

Алматы қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, "Алматыдағы селден кейінгі тазалау жұмыстары кезінде төрт адамның мәйіті табылды" деген ақпарат таратқан адам ұсталды.

Департамент осыған дейін "әлеуметтік желідегі тазалау кезінде табылған мәйіттер туралы ақпарат жаңсақ, селден ешкім мерт болған жоқ" деп мәлімдеген.

Департаменттің хабарлауынша, жалған ақпаратты 25 жастағы алматылық тұрғын әлеуметтік желі арқылы таратқан.

Департамент ұсталған алматылық азаматтың қамауға алынғанын, тергеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

Ішкі істер департаменті осы хабарламасында "Алматыдағы селге қатысы жоқ жалған видеоны таратқан адамды да іздеп жатқандарын" айтқан.

23 шілдеге ауған түні Алматының бірнеше ауданында сел жүріп, төтенше оқиғадан мыңнан астам адам эвакуацияланды. Ондаған адам дәрігерге қаралған. Ресми орындар селге Алматы маңындағы Қарғалы өзені бассейніндегі 8-мұздық астында орналасқан, шамамен 40 мың текше метр су жиналған көлдің табаны бұзылуы себеп болды деген болжам айтады. Бірнеше үйді қиратып өткен селдің жолын тазалау жұмыстары әлі жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG