Accessibility links

Airwars: ИМ-ге шабуылдан 450 бейбіт тұрғын мерт болды


Сириядағы әуе шабуылынан қираған ғимарат.

Сириядағы әуе шабуылынан қираған ғимарат.

Airwars бақылау ұйымының мәлімдеуінше, АҚШ басқаратын коалицияның "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына жасаған әуе шабуылдарынан кем дегенде 450 бейбіт тұрғындар қаза тапқан.

Airwars ұйымы есебінде коалиция ұйымдастырған 57 шабуыл кезінде бейбіт тұрғындар мерт болғанын жазады.

Ұйымның есебінше, коалиция ұйымдастырған шабуылдардан 15 мың ИМ содыры қаза тапқан.

АҚШ мемлекеттік департаменті баспасөз қызметкері Марк Тонер "Вашингтон ұйым есебін мұқият қарастыратынын" мәлімдеді.

"Біз мұндай есептерді алған кезде қорғаныс министрлігіне және коалицияның командалық орталығына жіберіп, тексереміз. АҚШ үшін бейбіт тұрғындарды қорғау өте маңызды" деді ол.

XS
SM
MD
LG