Accessibility links

Қостанай әкімінің орынбасары қамауға алынды


Қостанай облысының картасы
Қостанай облысының картасы

Қостанай соты қала әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиевті екі айға қамау туралы шешім шығарған. Оның ұсталғаны туралы Азаттық бұған дейін хабарлаған еді.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қостанай әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиев құрылыс тендеріне қатысып жатқан "Сыл" ЖШС-і директоры Гагик Овняниннен 13 миллион теңге (шамамен 69 мың доллар) пара алған деген күдікпен қамауға алынған. Құрылыс компаниясының директоры да сот шешімімен қамалған.

Облыстық соттың хабарлауынша, Қостанай әкімдігі халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысына конкурс жариялаған. Конкурс қорытындысы бойынша "Сыл" компаниясы тендерді ұтып, құрылыс жұмыстарына 826, 6 миллион теңге (шамамен 4,4 миллион доллар) алған. Келісім-шартқа 2014 жылы 23 тамызда қол қойылған.

Тергеу мәліметі бойынша, қала әкімінің орынбасары құрылыс компаниясы басшысынан "тендерді ұтуға көмектескені үшін сыйақы" алуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG