Accessibility links

Тәжік шекарасындағы қақтығыстан 4 адам жараланды


Қырғыз-тәжік шекарасының маңы. (Көрнекі сурет).

Қырғыз-тәжік шекарасының маңы. (Көрнекі сурет).

Тәжікстанмен шекарада болған қақтығыстан жарақат алған төрт қырғызстандық Баткен облысындағы ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметіне аурухана бас дәрігерінің орынбасары Залкар Бекмуратов хабарлаған.

Ауруханаға түскен екі азаматтың миы шайқалып, екеуі жеңіл жарақат алған.

3 тамызда Қырғызстанның Баткен облысындағы Кок-Таш ауылының тұрғындары мен Тәжікстан азаматтары арасында қақтығыс болып, 100-ден астам тәжікстандық және 80-ге тарта қырғызстандық бір-біріне тас лақтыра бастаған.

Қақтығыс тәжік азаматы жолды жауып, Кок-Таш ауылының тұрғындарын зиратқа өткізбей қоюынан басталған. Зиратқа жол тәжік отбасылары тұратын Май ауылы арқылы өтеді. Бұл қарсылыққа жауап ретінде қырғызстандықтар тәжік ауылы Чоркуға су беретін каналды бітеп тастатаған.

XS
SM
MD
LG