Accessibility links

"Суицидті насихаттайтын" жеті сайт жабылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданы прокуратурасы "суицидті насихаттайтын" жеті сайтты жапқан.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, құқық қорғау органдары жеті сайтты 2014 жылы қарашада өз-өзіне қол жұмсап, қаза тапқан 16 жасар облыс тұрғынының әлеуметтік желідегі парақшаларын зерттеу арқылы анықтаған.

Хабарламада ресурстар Қазақстан территориясында ашылмайтыны айтылғанымен олардың нақты қандай сайттар екені аталмаған.

XS
SM
MD
LG