Accessibility links

ЕҚЫҰ: ДХР қару-жарағын Ресей әскері күзетеді


Сепаратистер танкісі жанында тұрған ЕҚЫҰ бақылаушылары. Донецк облысы, Украина, 19 шілде 2015 жыл.

Сепаратистер танкісі жанында тұрған ЕҚЫҰ бақылаушылары. Донецк облысы, Украина, 19 шілде 2015 жыл.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Донбастағы бақылаушылары өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасының сепаратистері шығарған ауыр қару-жарақтар сақталып тұрған нысан орналасқан территориядан ресейлік әскерилерді байқағанын хабарлады.

Бақылаушылардың есебінде нысандарды күзетіп жүрген қарулы адам өзі мен территорияда жүрген басқа да қарулы адамдардың Ресейдің Орынбордағы 16-әуе десанты бригадасының әскерилері екенін айтқаны келтірілген. ЕҚЫҰ бақылаушыларының айтуынша, әскерилердің киімдерінде айырым белгілері болмаған.

Украина мен батыс елдері Ресейді Донбаста соғысып жүрген ресейшіл сепаратистерді қару-жарақпен және әскермен қамтамасыз етіп жатыр деп айыптайды. Мәскеу Украина шығысындағы қақтығысқа қатысы барын жоққа шығарады. Ресей қорғаныс министрлігі құқық қорғаушылардың сауалына "Украина территориясына ресейлік әскерилер барған емес және жіберілмейді де" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG