Accessibility links

Мария Гайдар Украина азаматтығын алды


Мария Гайдардың (ортада) Украина президенті Петр Порошенкодан Украина паспортын алып тұрған сәті. Киев, 4 тамыз 2015 жыл.

Мария Гайдардың (ортада) Украина президенті Петр Порошенкодан Украина паспортын алып тұрған сәті. Киев, 4 тамыз 2015 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко бүгін ресейлік саясаткер, Одесса облысы губернаторының орынбасары болып тағайындалған Мария Гайдарға Украина паспортын берді. Украина президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Порошенко азаматтық беру туралы жарлыққа бұған дейін қол қойған.

"Мен мұнда Украинаға қиын кезеңде украин халқының тағдырына ортақтасып келдім. Біздің жауымыз ортақ, ол - Ресейде де, мұнда да адамдарды қырып жатқан авторитарлық режим" деді Гайдар паспортты алып тұрып.

Гайдармен бірге Украина азаматтығын "Forbes Украина" басылымының бас редакторы Владимир Федорин де алды.

Мария Гайдардың Одесса облысы губернаторының орынбасары қызметіне тағайындалғанын және оның облыстың әлеуметтік саласына қатысты жұмыстарды атқаратынын губернатор, Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили шілденің ортасында мәлімдеген. Гайдар ол кезде Украина азаматтығын алатынын, бірақ Ресей азаматтығынан бас тартпайтынын айтқан.

XS
SM
MD
LG