Accessibility links

Душанбеде ресейлік әскерилер үстінен сот басталды


Тәжік таксисті өлтірді деген күдікке ілінген ресейлік әскерилер Ильдар Сахапов пен Федор Басимов.

Тәжік таксисті өлтірді деген күдікке ілінген ресейлік әскерилер Ильдар Сахапов пен Федор Басимов.

Душанбеде бүгін тәжік таксистін өлтірді деген күдікке ілінген ресейлік екі әскеридің үстінен сот процесі басталды.

Ресейдің 201-мотоатқыштар дивизиясында взвод басшысының орынбасары болған Федор Басимов пен бұрынғы әскери бөлім командирі Ильдар Сахаповтың сотын Тәжікстандағы Ресей әскери базасының 109-гарнизоны қарап жатыр. Күдіктілер 2014 жылы тамызда таксист Рахимжон Тешабоев Душанбе маңында өлі күйінде табылғаннан кейін ұсталған.

Марқұмның денесіне жасалған сараптама оның өлгенге дейін азапталғанын анықтаған. Бұл оқиға жергілікті тәжіктер мен ресейлік әскерилер арасында шиеленісті күшейткен.

Тәжікстанда үш әскери базаны совет одағы кезінен бері ұзақ мерзімге жалға алған Ресейдің мұнда 7 мыңға жуық сарбазы бар.

XS
SM
MD
LG