Accessibility links

Ресей БҰҰ-дан Арктикадағы шекарасын кеңейтуді сұрады


Арктика. (Көрнекі сурет).

Арктика. (Көрнекі сурет).

Ресей БҰҰ-ға Арктика қайраңдарындағы шекарасын кеңейтуді сұрап, қайта қаралған өтініш берді. Өтініште Ресейдің Солтүстік мұзды мұхиттағы шекарасы Орталық Арктика суасты қайраңдары кешенінің бір бөлігі құрлықпен тұтасып кеткенін ескеріп анықталуы тиіс делінген.

БҰҰ конвенциясына сәйкес, мемлекеттің экономикалық аумағы егер теңіз табаны құрлық шетімен табиғи түрде бітісіп кеткен жағдайда кеңеюі мүмкін.

Барланбаған мұнай мен табиғи газдың мол қоры болуы ықтимал Арктиканың бұл аймағынан АҚШ, Канада, Норвегия және Дания да үмітті. Егер Ресей өтініші мақұлданса онда бұл ел Арктика қайраңдарындағы ресурстарды игеруге хақылы болады.

Ресей Арктика қайраңдарындағы шекарасын кеңейтуге 2001 жылдан бері әрекеттеніп келеді. Мәскеудің бұған дейінгі Охот теңізіне қатысты өтінішіне БҰҰ-ның құрлықтық қайраңдар бойынша комиссиясы оң баға берген.

XS
SM
MD
LG