Accessibility links

ТЖК Алматы облысы тауларында сел қаупін ескертті


Іле Алатауындағы мұздықтардың бірі. (Көрнекі сурет).

Іле Алатауындағы мұздықтардың бірі. (Көрнекі сурет).

Алматы облысының таулы аймақтарында 4-7 тамызда ауа температурасының көтерілуі мен жаңбыр жаууына байланысты сел жүру қаупі бар деп хабарлады бүгін ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.

23 шілдеге ауған түні Алматының бірнеше ауданында сел жүріп, төтенше оқиғадан мыңнан астам адам эвакуацияланды. Ондаған адам дәрігерге қаралған. Ресми орындар селге Алматы маңындағы Қарғалы өзені бассейніндегі 8-мұздық астында орналасқан, шамамен 40 мың текше метр су жиналған көлдің табаны бұзылуы себеп болды деген болжам айтады.

XS
SM
MD
LG