Accessibility links

Астана: Төбелес жайлы "жалған ақпар" таратқан адам сотталды


"Артем" сауда үйі маңында жиналған топ адам. Астана, 16 маусым 2015 жыл.
"Артем" сауда үйі маңында жиналған топ адам. Астана, 16 маусым 2015 жыл.

Астана соты интернетте "көпе-көрінеу жалған ақпарат таратты" деп айыпталған қала тұрғынына екі жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасын кесті. Қалалық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталған ер адамға маусымның 16-сы күні Астанадағы "Артем" сауда үйі маңында төбелес болғаны туралы "жалған ақпарат таратты" деген айып тағылған.

Кеше Астанада сот 16 маусымда "Артем" сауда үйі маңында болған жанжалда "бұзақылық жасап, полицияға бағынбады" деп айыпталған екі адамды екі жарым жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарған.

"Артем" сауда үйіндегі төбелес 16 маусым күні кешкі сағат 20 шамасында болған. Оқиға "Артем" күзетшілерінің үш бала ерткен жас келіншектің сауда үйі алдында қайыр сұрауына рұқсат етпеуінен басталған. Полицияның ақпаратына қарағанда, күзетшілер келіншекпен сөзге келіп қалып, оқиға орнына топ адам жиналған.

XS
SM
MD
LG