Accessibility links

Жерорта теңізінде биыл 2 мың мигрант мерт болған


Жерорта теңізіндегі мигранттарды құтқару операциясы.
Жерорта теңізіндегі мигранттарды құтқару операциясы.

Биыл Жерорта теңізі арқылы Еуропаға өтпек болған 2 мыңнан астам адам қаза тапты деп хабарлады бүгін Халықаралық мигранттар ісі жөніндегі ұйым. Ұйымның дерегінше, құрбан болғандар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға көп.

"21 ғасырда қақтығыстан, қудалаудан, кедейлік пен жердің тозуынан бас сауғалаған адамдардың мұндай қайғылы жағдайларға тап болып, Еуропаның кіреберісінде құрбан болуы миға сыймайтын нәрсе" деді Халықаралық мигранттар ісі жөніндегі ұйым директоры Уильям Лейси Свинг.

Ұйым өкілі Итали Вирридің сөзінше, биыл Жерорта теңізін қайықпен кесіп өтпек болған 188 мыңға тарта адам құтқарылған. Ол аталған мигранттардың 97 мыңға жуығы Италияға, 90 мың 500-і Грекияға түскенін айтады.

Халықаралық мигранттар ісі жөніндегі ұйым қаза тапқандардың көпшілігі Ливиядан қайықпен Италияның Сициялия аралына бармақ болғандар дейді.

XS
SM
MD
LG