Accessibility links

Немцовтың қызы құқық қорғау саласындағы сыйлық алды


Журналист Жанна Немцова.
Журналист Жанна Немцова.

Қаза тапқан ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың үлкен қызы 31 жастағы журналист Жанна Немцова Польшаның адам құқығы мен демократияны қорғау саласы бойынша сыйлығына ие болды.

Ол Варшавада Польша сыртқы істер министрлігі тағайындаған Лех Валенса атындағы ынтымақтастық сыйлығын алды. Сыйлықтың ақшалай құны 1,1 миллион долларды құрайды.

27 ақпанда Борис Немцовты Кремль маңында белгісіз біреулер атып өлтіріп кеткен. Осыдан кейін Жанна Немцова Ресейден және РБК ақпарат агенттігінен кететінін мәлімдеген. Кейін ол германиялық Deutsche Welle ақпарат агентігінің орыс қызметінде жұмысын жалғастыратынын айтқан.

Жанна Немцова әкесінің өлімін зерттеуге тырысқанымен еш нәтиже шықпағанын, өзіне белгісіз біреулердің қоқан-лоқы жасап қорқытқанын да мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG