Accessibility links

Хорватияда тәуелсіздіктің 20 жылдығы тойланды


Хорватиядағы әскери шеру. 4 тамыз 2015 жыл.

Хорватиядағы әскери шеру. 4 тамыз 2015 жыл.

Хорватия астанасы Загребте Югославиядан бөлініп, тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуына орай әскери шеру өтті.

Сонымен бір мезетте Сербия астанасы Белградта жиырма жыл бұрын хорватиялық әскерилер шабуылы барысында қаза тапқандарды еске алу шарасы өтті. Тамыздың 4-і Сербияда қаралы күн ретінде белгіленген.

1995 жылғы «Шторм операциясы» кезінде серб-хорват әскерилері арасындағы қақтығыстан 700 этникалық серб қаза тауып, 200 мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Осы қақтығыс әлі күнге дейін екі ел арасындағы қатынасқа кері әсер етіп келеді.

XS
SM
MD
LG