Accessibility links

Қазақстан Рио олимпиадасына 110 спортшы апаруды жоспарлайды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстан 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы олимпиада ойындарына кемінде 110 жолдама алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі спорт комитетінің кезекті отырысында жарияланған.

Қазірге дейін Қазақстанның 11 спортшысы олимпиадаға лицензия алған. Ал олимпиадаға іріктеу 2016 жылдың маусым айына дейін жалғасады. Рио-де-Жанейро олимпиадасы 5-21 тамыз аралығында өтеді.

Бұған дейін 2012 жылғы Лондон олимпиадасына 115 спортшы апарған Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 5 қола жүлде алып, жалпы командалық есепте 12-орын иеленген.

XS
SM
MD
LG