Accessibility links

Астана ЕАЭО-ға Қырғызстанның енуін мақұлдады


Қазақстан президенті резиденциясы - Ақорда. (Көрнекі сурет)
Қазақстан президенті резиденциясы - Ақорда. (Көрнекі сурет)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) туралы шартқа Қырғызстанның қосылуын ратификациялады. Бұл туралы бүгін Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми ақпаратта Астана 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы заңға қол қойғаны айтылған.

Шартқа сәйкес, Қырғызстан ЕАЭО-ның сыртқы экономикалық бірыңғай тауар номенклатурасы жайлы талаптарды орындауға міндеттеме алады. Қырғызстан биыл мамыр айында ЕАЭО-ға кіру жөніндегі барлық процедураларын аяқтап, одаққа кіру туралы келісімді Қырғызстан парламенті мақұлдап, ел президенті қол қойған.

2015 жылдың қаңтарынан күшіне енген ЕАЭО-на Ресей, Беларусь, Қазақстан мен Армения елдері мүше.

XS
SM
MD
LG