Accessibility links

Алматыда Талғат Бигелдиновті еске алды


Талғат Бигелдиновтің құрметіне ашылған мұражай бұрышы. Алматы, 5 тамыз 2015 жыл.
Талғат Бигелдиновтің құрметіне ашылған мұражай бұрышы. Алматы, 5 тамыз 2015 жыл.

Бүгін - шабуылдаушы ұшқыш, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, екі дүркін Совет Одағы батыры Талғат Бигелдиновтің туған күні. Алматыдағы әскер үйінде Бигелдиновтер отбасының архивінен алынған сирек суреттер мен батырдың шлемі қойылған мұражай бұрышы ашылды.

Оның ашылуына Бигелдиновтің туыстары мен әскерилер, соғыс ардагерлері келді. Салтанатты шарадан кейін Талғат Бигелдиновтің өмірі жайлы ​«Көкке самғау»​ (Подняться в воздух) фильмі көрсетілді.

Талғат Бигелдинов Орынбор қаласындағы Чкалов атындағы әскери авиация училищесін бітірген соң, 1943 жылы Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанды. Бигелдинов ұшағымен​ 305 әскери шабуылға шыққан.

Авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов 2014 жылы 10 қарашада, Алматыда, 93 жасында дүние салды. Аты аңызға айналған ұшқыш Кеңсай зиратына жерленген. Оның бейіті Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қолбасшылығымен даңқы шыққан Бауыржан Момышұлы моласының жанында орналасқан.

XS
SM
MD
LG