Accessibility links

Қазақстанда биыл 32 мың білім гранты бөлінген


Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.
Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

Қазақстанда биыл жоғары оқу орындарына 32 мың мемлекеттік білім гранты бөлінді. Бұл туралы бүгін Астанада білім және ғылым министрі Аслан Сәрiнжiпов хабарлады.

«Оның iшiнде техникалық мамандар даярлауға 12,5 мың грант, педагогикалық мамандықтарға – 6 мың грант, ауыл шаруашылық мамандықтарына - 2,5 мың грант қарастырылған» деді министр.

Оның сөзінше, биыл білім грантын алу конкурсына 67 мың талапкер қатыспақ. Олардың iшiнде 78 пайызы орта білім мекемелерін қазақ тiлiнде тәмамдаған болса, 22 пайызы – орыс тiлiнде бітіргендер.

Бүгін Астанада білім және ғылым министрінің төрағалық етуімен білім гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG