Accessibility links

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына он адам барады


Ольга Рыпакова Лондон олимпиадасы кезінде.

Ольга Рыпакова Лондон олимпиадасы кезінде.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы 22-30 тамызда Қытай астанасында өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.

Пекинге үш қарғып секіруден Лондон олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова, Кванджуда өткен жазғы универсиаданың үш дүркін чемпионы Виктория Зябкина (100 және 200 метрге жүгіру), 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы Ольга Сафронова (100 және 200 метрге жүгіру), Азия ойындарының қола жүлдегері Ирина Эктова (үш қарғып секіру) және марафоннан Азия чемпионатының қола жүлдегері Гүлжанат Жанатбек пен Ирина Смольникова барады.

Ал ерлерден Роман Валиев (үш қарғып секіру), Никита Филиппов (сырықпен секіру), Михаил Красилов (марафон) және Георгий Шейко (20 километрге спорттық жүріс) бармақшы.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Пекиндегі әлем чемпионатында кемінде бір медаль алуды мақсат етіп отыр.

XS
SM
MD
LG