Accessibility links

АҚШ-та Иранмен келісімге қарсы заң жобасы даярланды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ конгресі өкілдер палатасының сыртқы істер комитетінің төрағасы палатаға Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімнен бас тартатын заң жобасын ұсынды. Бұдан бұрын конгресмен Питер Роскам республикашылдар өкілдер палатасында заң жобасын мақұлдау үшін жеткілікті дауыс жинай алатынын мәлімдеген. Бірақ президент ветосын еңсеруге республикашылдар даусы жетпейді. Роскамның сөзінше, өкілдер палатасындағы 434 өкілдің 218-і Тегеранмен келісімге қарсы дауыс беруге ниетті.

Өкілдер палатасындағы азшылықты құрайтын Демократиялық партия өкілі Нэнси Пелоси президенттің заң жобасына вето қоюына мүмкіндік тудыру үшін демократтардың басым көпшілігі Иранмен келісімді қолдайтынын айтты.

4 тамызда республикашыл сенатор Митч МакКонелл сенаттың келісімге қатысты ұстанымы жайында мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, сенат Иранмен келісімге қарсы заң жобасының мақұлдануына қарсы дауыс беруі "әбден ықтимал".

XS
SM
MD
LG