Accessibility links

Кремль: ЕҚЫҰ-ның Украинадағы ақпараты тексеріледі


Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Кремль Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) бақылаушыларының Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистер бақылауындағы территорияларда өздерін "Ресей әскерилеріміз" деген бір топ қарулы әскери киімдегі адамды анықтағаны жайлы ақпаратқа түсінік берді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Кремль ЕҚЫҰ бақылаушыларының қақтығыс аймағында ресейлік әскерилер жүр деген ақпаратының растығын тексереді" деп мәлімдеді.

Песков "бұл ақпараттың растығын тексеру керегін" айтып, бұл мәселемен айналысатын ең құзыретті орган Ресей қорғаныс министрлігі екенін жеткізді.

ЕҚЫҰ бақылаушылары 4 тамызда жариялаған есебінде Донецк облысында сепаратистер бақылауындағы ауыр қару-жарақ сақталған территориядан ресейлік әскерилерді байқағанын хабарлаған. Бақылаушылардың есебінде нысандарды күзетіп жүрген қарулы адам өзі мен территорияда жүрген басқа да қарулы адамдардың Ресейдің Орынбордағы 16-әуе десанты бригадасының әскерилері екенін айтқаны келтірілген. ЕҚЫҰ бақылаушыларының айтуынша, әскерилердің киімдерінде айырым белгілері болмаған.

XS
SM
MD
LG