Accessibility links

Таиландтан Қытайға қайтарылған ұйғырлар әлі қамауда отыр


Шыңжаң орталығы Үрімжіде мешітте отырған ұйғырлар, Қытай. (Көрнекі сурет).

Шыңжаң орталығы Үрімжіде мешітте отырған ұйғырлар, Қытай. (Көрнекі сурет).

Қытайлық ақпарат құралдары өткен айда Таиландтан депортацияланған этникалық ұйғырлардың әлі қамауда отырғанын хабарлады. Ақпарат құралдарының дерегінше, билік олардың "экстремистік исламшыл топтарға қатысы барын" тексеріп жатыр.

Тамыздың 5-і күні тараған ақпараттарға қарағанда, 100-ден астам ұйғыр өздерін ұшақпен күштеп Қытайға қайтармақ болғанда Қытайда қуғын көретінінен қауіптеніп, қытайлық және тайландтық полицейлермен жанжалдасқан.

Global Times газетінің жазуынша, бірнеше ұйғыр "Таиланд арқылы Түркияға кетіп, одан ары Сирия мен Иракқа өтпек болған".

Полиция олардың 13-ін "террористермен байланысы бар" деп күдіктенеді. Бірақ Қытайға қайтарылған арасында әйелдер мен балалар да бар қалған ұйғырлардың не себепті әлі қамауда отырғаны айтылмайды.

Көпшілігі мұсылман ұйғырлар Қытайдың солтүстік-батысындағы шыңжаң аймағында ертеден тұрады.

9 шілдеде Таиландтың ондаған ұйғырды жаппай депортациялағанын халықаралық қауымдастық сынап, оларды Қытай билігі қудалауы мүмкін деп алаңдаушылық білдірген.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі ұйғырлардың депортациялануын "халықаралық заңдарды өрескел түрде бұзу" деп атаған.

XS
SM
MD
LG