Accessibility links

Пәкістанда әскери соттар заңды деп танылды


Терроризм күдігіне ілінген адамды сотқа әкеле жатқан әскерилер, Пәкістан. (Көрнекі сурет).

Терроризм күдігіне ілінген адамды сотқа әкеле жатқан әскерилер, Пәкістан. (Көрнекі сурет).

Пәкістан жоғарғы соты елде құпия түрде қызмет ететін және бейбіт тұрғындарға өлім жазасын кесе алатын әскери соттарды заңды деп таныды. Исламабадтағы жоғарғы сот шығарған бұл қаулы Пәкістанда әскери соттар құзыретінің бұдан ары нығая түсуіне мүмкіндік тудырмақ.

Әскери соттарға өткен жылдың желтоқсан айында "Талибан" қозғалысының содырлары әскери училищеде көпшілігі балалар - 150-ден астам адамды қырып тастағаннан кейін күдікті содырларға қатысты сот процестерін жүргізуге құзырет берілген.

Әскери соттардың заңдылығына кейбір заңгерлер күмән келтірген. Бірақ Пәкістан жоғарғы сотының төрағасы Насыр әл-Мульк қаулысында әскери соттарға қарсы айтылған барлық уәжді жоққа шығарды. Жоғарғы сот әскери соттар азаматтық судьялар күдікті содырларға қарсы өлім жазасын кесе алмағандықтан қажет дейді.

Пәкістан әскери соттары бұған дейін содырларға қатысты жүзден астам істі қараған. Биыл маусым айында 27 іс бойынша үкім шықты. Әскери соттар күдікті содырларға қатысты істерді 2017 жылдың ақпан айына дейін қарауға кұзыретті. Исламабад бұл уақытқа дейін елде әскери соттарға қажеттілік болмайтындай азаматтық сот жүйесіне реформа жүргізілетінін айтады.

XS
SM
MD
LG