Accessibility links

Ошта Азаттық тілшісін соққыға жықты


Азаттықтың Қырғыз редакциясының Оштағы тілшісі Ыдырыс Исаков.
Азаттықтың Қырғыз редакциясының Оштағы тілшісі Ыдырыс Исаков.

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласында бүгін Азаттықтың Қырғыз редакциясының журналисіне шабуыл жасалды.

Қырғыз қызметінің хабарлауынша, журналист Ыдырыс Исаков 5 тамызда Ошта көлігімен жұмысқа келе жатқанда жолда алдын үш көлік жауып, одан шыққан бір топ жас жолда үйленіп жатқан жастар шерулетіп жүретінін айтып, келе жатқан жолмен жүрмеуді бұйырған.

Ыдырыс Исаков бағытын өзгертуден бас тартқан соң көліктен шыққан екі жігіт оны ұрып-соққан. Журналисті соққыға жыққандардың бірі өзінің туысы "жергілікті прокуратурада қызмет істейтінін" айтқан. Исаков өзін соққыға жыққандарды камераға түсіре бастағанда олар қашып кеткен.

Қырғызстанда үйленіп жатқан жас жұбайлардың қаладағы басты көшемен шерулетіп жүруі дәстүрге айналған. Мұндайда үйленіп жатқандар мен олардың туыс, жақындары өзгелерді басқа жолмен жүрігу мәжбүрлейді.

Соққы жеген журналистің беті көгерген.

Ош қалалық полициясының баспасөз хатшысы Замир Сыдықов Азаттыққа шабуылға қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG