Accessibility links

Түркия: Таяуда ИМ-ге қарсы тиімді шабуыл басталады


Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Кавусоглу.
Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Кавусоглу.

Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Кавусоглу таяуда "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырларына қарсы "тиімді күрес" басталатынын мәлімдеді.

5 тамызда Куала-Лумпурде өтіп жатқан Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ассоциациясы (АСЕАН) саммитінде сөйлеген Кавусоглу Сириямен шекараға жақын Инчирлик әскери базасына АҚШ-тың ұшқышсыз басқарылатын аппараттары мен әскери ұшақтары келіп жатқанын айтты.

"Таяуда АҚШ пен Түркия ИМ-ге қарсы ауқымды шабуыл бастайды" деген Кавусоглу "тиімді шабуыл" басталса ол Сирияда ИМ-ге қарсы соғысып жатқан Сирияның оппозициялық күштері үшін қауіпсіз болатынын айтты.

Мевлют Кавусоглу бүгін Куала-Лумпурде АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесті.

Түркия шілдеде Сириядағы ИМ нысандарына әуеден шабуылдар бастап, АҚШ әскери ұшақтарының операциялар жүргізу үшін базаларын пайдалануына келіскен.

АҚШ билігі өткен апта соңында Түркия территориясынан тыс аумақта әскери ұшқышсыз аппараттар миссиясын бастағанын және таяуда ұшқыш басқаратын әскери ұшақтар да операцияға қосылатынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG