Accessibility links

Бердімұхамедов: Қытаймен арадағы газ құбыры таяуда қосылады


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов (сол жақта) пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев келісім құжаттарын алмасып тұр. Бішкек, 5 тамыз 2015 жыл.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов (сол жақта) пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев келісім құжаттарын алмасып тұр. Бішкек, 5 тамыз 2015 жыл.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Бішкекте Түркіменстаннан Қытайға тартылатын теміржол желісі құрылысын ары қарай ілгерілетуге уәде берді.

Бүгін Қырғызстанға жасаған алғашқы сапарында осы ел президенті Алмазбек Атамбаевпен кездескеннен кейін Бердімұхамедов екеуінің "әлем үшін маңызы зор" энергетика және қауіпсіздік мәселелерін талқылағанын айтты.

"Түркіменстаннан Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан арқылы Қытайға тартылатын газ құбыры құрылысы таяу болашақта іске қосылады" деді Бердімұхамедов. Бірақ ол құбырдың нақты қашан қосылатынын, я құрылыстың қай жерге жеткенін ашып айтпады.

Атамбаев Түркіменстан президентінің Бішкекке екі күндік сапары "екі ел қарым-қатынасы дамуының жаңа кезеңін ашты" деді.

Кездесу барысында президенттер екіжақты білім беру, энергетика, транспорт, ғылым және технология саласындағы өзара ынтымақтастыққа қатысты 15 құжатқа қол қойған.

Бердімұхамедов сапарының қарсаңында, 4 тамыз күні Бішкекте қырғыз-түркімен бизнес форумы өткен.

XS
SM
MD
LG