Accessibility links

ИМ тұтқындағы хорват азаматын өлтіруге сес көрсетті


"Ислам мемлекеті" экстремистік тобының туын ұстап тұрған адам. (Көрнекі сурет)

"Ислам мемлекеті" экстремистік тобының туын ұстап тұрған адам. (Көрнекі сурет)

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобының Египеттегі өкілдері өздері тұтқында ұстап отырған Хорватия азаматын екі күннің ішінде өлтіретіндерін мәлімдеді. ИМ тобы Хорватия үкіметіне тұтқындағы барлық мұсылман әйелдерді босату туралы талап қойған.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, франциялық CGG энергетикалық компаниясында жұмыс істейтін хорватиялық азаматты Египетте шілденің 22-і күні ИМ содырлары ұрлап әкеткен. Тамыздың 5-і күні жарияланған видеода тұтқындағы адам өз аты-жөнін Томислав Салопек деп атайды.

Салопек – Египетте ұрланған алғашқы шетелдік азамат. Оны ұрлап кеткен экстремистік топ бұған дейін «Ансар Бейт әл-Макдис» деп аталған. Кейін олар ИМ қатарына өткендерін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG