Accessibility links

Қостанай әкімі орынбасары екі айға тұтқындалды


Қостанай облысының аумақтық картасы.

Қостанай облысының аумақтық картасы.

Қостанайдың 2-қалалық соты қала әкімінің орынбасары Фрунзик Аракелянды екі айға тұтқындауға санкция берді.

Әкім орынбасарын қаладағы өзі басшылық жасаған тұрғын үй шаруашылығы саласына қатысты қызмет бабын асыра пайдаланған және 300 мың теңге (шамамен 1600 доллар) пара алған деген күдікпен ұстаған тергеушілер соттан оны екі айға қамауға алуды сұраған. Сот онымен бірге Қостанай қаласының тұрғын үй шаруашылығы бөлімі басшысын да қамауға алуға шешім шығарған.

Бұған дейін, тамыздың 1-і күні, Қостанай қаласы әкімінің тағы бір орынбасары Мақсұт Қалиев екі айға қамауға алынған еді. Құқық органдарының хабарлауынша, ол қаладағы құрылыс тендеріне қатысып жатқан жауапкершілігі шектеулі серіктестік директорынан 13 миллион теңге (шамамен 69 мың доллар) пара алған болуы мүмкін деген күдікпен ұсталған. Бұл іске байланысты құрылыс компаниясының директоры да қамалған.

XS
SM
MD
LG